Бибісара Асаубаева Әлем кубогының жеңімпазына қарсы ойнайды

Telegram WhatsApp

Асаубаеваның Women’s Speed Chess Championship 2026 турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды

FIDE
FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Women’s Speed Chess Championship 2026 беделді онлайн турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды.

Жартылай финал жолдамасы үшін қазақстандық гроссмейстер ФИДЕ Әлем кубогының қазіргі жеңімпазы, үндістандық Дивья Дешмукхпен сынға түседі.

Бибісара Асаубаева 1/8 финалда өзбекстандық Афруза Хамдамованы 10,5:3,5 есебімен сенімді жеңді. Ал Дешмукх америкалық Роуз Этвеллді 14:1 есебімен ойсырата ұтып, бірде-бір партияда жеңілген жоқ.

20 жастағы Дивья Дешмукх әлемдегі ең мықты жас шахматшылардың бірі саналады. Ол 2025 жылы ФИДЕ Әлем кубогында жеңіске жетіп, халықаралық гроссмейстер атанды және Үміткерлер турниріне жолдама алды. Сондай-ақ 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында командалық және жекелей сында екі алтын медаль иеленді.

Асаубаева мен Дешмукх бұған дейін де бірнеше мәрте кездескен. Сәуір айында өткен Үміткерлер турнирінің соңғы турында қос шахматшы тең түскен еді. Сол жарыстың қорытындысында Бибісара екінші орын алды.

Ал маусым айында қазақстандық шахматшы Norway Chess Women 2026 турнирінде үндістандық қарсыласын жеңіп, жарыс аяқталмай жатып чемпиондық атақты қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған әлемдік рейтингінде бесінші орынға көтерілген болатын.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 2 918 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 154 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 291 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›