Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ербол Мырзабосынов Астанадағы әуесқой веложарысқа барып, спортшыларды қолдады

19.07.2026, 13:18

Ербол Мырзабосынов бұқаралық веложарысқа қатысып, спортшыларға қолдау көрсетті

Ербол Мырзабосынов Астанадағы әуесқой веложарысқа барып, спортшыларды қолдады
instagram.com/pro_kz_sport

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанада ұйымдастырылған әуесқой веложарысқа барып, жарысқа қатысушылармен кездесті.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, министр іс-шараға ешқандай ресми рәсімсіз келіп, велоспорт әуесқойларын қолдаған. Жазба авторы мұндай қадам бұқаралық спорттың дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

«Осындай форматтағы қолдау бұқаралық спорттың дамуына серпін береді. Мемлекет қажетті жағдай жасап, халық өз қызығушылығына сай спортпен еркін айналысуы керек», – делінген жарияланымда.

Сондай-ақ жазбада жарыс жүлдегерлеріне арнайы құттықтау жолданып, барлық қатысушыға спорттық табыс пен сәттілік тілегі айтылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам