Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жәмила Бақбергенова Будапештегі халықаралық турнирде күміс медаль алды

19.07.2026, 14:06

Финалда Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды

Жәмила Бақбергенова Будапештегі халықаралық турнирде күміс медаль алды
UWW

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Будапешттегі (Венгрия) халықаралық рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды.

72 келіге дейінгі салмақта бәсеке айналмалы жүйе бойынша өтті.

Жәмила бірінші белдесуінде қырғызстандық Кайыргуль Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда үндістандық Дикша Малик тізе бүктірді.

Дегенмен алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бүгін, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам