Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз  финалда 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетті

Мейіржан Амангельдиев
Мейіржан Амангельдиев

Қазақстандық спортшы Әли Тұрғанбеков V Азия Пара ойындарында пара жүзуден күміс медаль жеңіп алды.

Отандасымыз ерлер арасында SB4 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетті.

Бұл сайыста Малайзия өкілі Мұхаммад бин Зулкафли 1:41.44 нәтижесімен алтын медаль иеленсе, Үндістан спортшысы Рохит Кумар 1:57.25 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Әли Тұрғанбеков Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль салды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам