Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қырғыздар қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді (ВИДЕО)

23.06.2024, 10:11

Көрші елде Теңізбаев пен Бегалиевтің құрметіне арналған турнир өтіп жатыр

Қырғыздар қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді (ВИДЕО)
Olimpyc.kz

Бішкекте грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) пен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне орай грек-рим және еркін күрестен І қырғыз-қазақ халықаралық турнирі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында қырғыздар қазақ балуанына айрықша құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, Қазақстаннан барған Нұрбақыт Теңізбаевқа жергілікті кәсіпкерлер ат мінгізіп, қырғыз халқының қонақжайлылығын көрсетті.

Алғаш рет өткен турнирге 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Жарысты көршілес айыр қалпақты ағайындар ұйымдастыруға ынталы болған. Сонымен қатар, екі ел арасындағы бауырластықты арттыруға бағытталған жарыс бұдан кейін дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Нұрбақыт Теңізбаев Бейжің ойындарында 60 келіде сынға түсіп, қола жүлдегер атанғаны белгілі. Кейін ол жартылай финалда есе жіберген Әзірбайжан балуанының допинг сынамасынан тыйым салынған дәрілік препарат анықталды. Осыдан соң күміс жүлде қазақ балуанына берілді. Ол ұзақ жылдар бойы Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған еді. Қазіргі уақытта Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметін атқарады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам