Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қолында баласы бар ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов сотталмайтын болды

22.06.2024, 10:53

Ол қазір Америка Құрама Штаттарында тұрып жатыр

Қолында баласы бар ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов сотталмайтын болды
tengrinews.kz

Былтыр жазда Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелескен қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойған.

Ішкі істер министрлігі  Қазақпарат агенттігіне істің мән-жайын айтып берген.

Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

«Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — делінген агенттік жолдаған сауалдың жауабында.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын және тергеу нәтижесімен қылмыстық процеске қатысушылар ғана танысуға құқылы екенін хабарлады.

Бейбіт Шүменов – бірнеше жыл кәсіпқой бокста жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам