Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Екеуінен әдемі жұп шығушы еді». Рыбакина мен Джоковичтің видеосы көпшілікті сүйсіндірді

25.06.2024, 15:11

Елена Рыбакина мен әлемде чемпиондық атағы жағынан топ басында тұрған серб теннисші Новак Джокович Уимблдондағы жаттығу алаңында кездесті

«Екеуінен әдемі жұп шығушы еді». Рыбакина мен Джоковичтің видеосы көпшілікті сүйсіндірді
sports.ru

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемде чемпиондық атағы жағынан топ басында тұрған серб теннисші Новак Джокович Уимблдондағы жаттығу алаңында кездесті.

Видеода Уимблдон турнирінің 2022 жылғы жеңімпаздары жаттығу алаңына келгенін, сонан соң бір-біріне «бестік» бергенін көруге болады. 
Оқырман қауым бұл кадрда Еленаның күлімдеген жүзіне тамсануда.

«Меніңше, Елена теннис кортында бірінші рет күлімдеген секілді», «Екеуі де жеңімпаз атанса екен», «Екеуінен әдемі жұп шығушы еді», - деп жазып жатыр оқырман.

Әзірге Новак Джокович Уимблдоне-2024 турнирінде бақ сынау-сынамауы белгісіз. Ал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Истбурнде (Ұлыбритания) өтіп жатқан турнирге денсаулығына байланысты қатысудан бас тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам