Видеороликті қырғыздың спорт журналисі жеке архивінен тауып алған
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраевтың 2001 жылғы белдесуінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бішкекте жасөспірімдер арасында өткен турнирде қазақ балуаны жеңіске жеткен.
Видеоны Қырғызстанның спорт журналисі Тахир Гафуров өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.
«2001 жыл. Республикалық олимпиада резерві учлищесінің 30 жылдығына арналған Бішкектегі турнир. Сенесіздер ме, сенбейсіздер ме… Бозкілемде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Демеу Жадраев», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Демеу Жадраев 77 келіде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ширек финала ол қырғыздың даңқты балуаны Ақжол Махмудовты жеңген. Ал, финалда жапон балуанына есе жіберді.