Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ет жеймін. Салмағым 150 кг. Хабибті мүлде танымаймын»: Даңқты Михайн Лопес ашық сұхбат берді

30.08.2024, 17:55

Ол «Карелин мықты ма, Лопес мықты ма» деген сауалға жауап берді

«Ет жеймін. Салмағым 150 кг. Хабибті мүлде танымаймын»: Даңқты Михайн Лопес ашық сұхбат берді
Спорт Экспресс

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 5 дүркін чемпионы, кубалық Михайн Лопес өткен аптада Ресейге арнайы сапармен келді. Ол Новосибирск қаласында өткен халықаралық турнирде арнайы қонақ болып, одан кейін Мәскеуге табан тіреді.

Даңқты спортшы сапар аясында грек-рим күресінен 3 дүркін Олимпиада чемпионы Александр Карелинмен кездескен. «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында ол жанкүйерлердің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. 

Аталған сұхбаттан балуан айтқан жауаптарды ықшамдап, назарларыңызға ұсынамыз.

«Менің әке-шешем, ағам барлығы ірі адамдар. Менің алып болуым да содан. Бұрын Кубада дене тұрпаты ірі адамдар көп еді. Қазір едәуір азайын кеткен», - деді ол сұхбатында.

«Алдағы уақытта күреспен айналысып, арнайы бағдарлама әзірлеймін. Сондай-ақ, жас балуандарға жаттығуға көмектесуді көздеймін. Жалпы, мен арнайы тамақтарды ішпеймін. Қарапайым адамдар секілді бар тамақты жей берем. 

Жалпы, 10 жасымда күреспен айналыса бастадым. Сол кезде тамақтан тыйылу керектігін ұқтым. Менің қазіргі салмағым 150 келіні құрайды. Бойым 198 см. Негізінен жарыстарға қатысу үшін маған көп салмақ қууға тура келеді. Егер мұндай жағдай болмаса, әлі де күресе беруіме болар еді», - деді ол.

Сұхбат кезінде спортшы қандай тағам ішетінін де атаусыз қалдырмаған.

«Негізінен Кубаның ұлттық тағамы ұнайды. Оның ішінде ет пен күресті ұнатып жеймін», - деді Лопес.

Ал өз мансабында көп жеңілмеген балуан соңғы 20 жылда еш белдесудің өзіне қиынға соқпағанын атады.

«Күресте қиын белдесулер болды деп айта алмаймын. Барлық күресім мен үшін өте жақсы өтті. Көп жылдардан бері спортта жүрмін. Осы уақыт ішінде бозкілемде қиындық тудырған жағдай болған жоқ», - деді кубалық спортшы.

Оның жаттығу жасау барысына көптеген спортшы төтеп бере алмауы мүмкін. Алып балуан күніне бес мезгілге дейін жаттығатынын айтып отыр.

«Күніне жаттығу кезінде арқанмен 30 рет өрмелеп шығамын. Әр өрмелеу 2-3 реттен болады. 200 келі темірмен отырып-тұру жаттығуын жасаймын. Отжиманиені 170 мәрте істеймін. Турникке 20 рет тартыламын. Турнирге дайындық үшін күніне 3 рет жаттығамын. Ал жарыс жақындағанда күн сайын жаттығу саны беске дейін артады. Таңда ерте тұрамын. Сағат бойы жүгіремін. Таңертеңгі 10 кезінде бозкілемде 2 сағат бойы жаттығамын. Ал 12-де футбол әлде баскетбол ойнаймын. Кешке тағы да күрес жаттығу басталады. Күні бойы жасалатын ең соңғы жаттығуда темір-терсек көтеремін. 

Жалпы, мен табиғатымнан күші көп адаммын. Сондықтан, салмаққа қатысты кешенді жұмыстар аса проблема емес», - деді ол.

Спортшы бала күнінде бір рет еркін күрестен турнирге қатысқан. Ал классикалық күрестің әліппесін үйренгелі бері Лопес басқа спорт туралы ойлаған емес.

«Спортты бірден грек-рим күресінен бастадым. Дегенмен, жасөспірім шағымда еркін күрестен Панамерика турнирлерінің біріне адам жетпей, мені сол құрамға қосқаны бар. Егер, мен еркін күреспен шұғылданған болсам, Олимпиаданы ұтарыма еш күмән келтірмеймін. Маған еркін күреске қарағанда грек-рим күресі қатты ұнайды. Өзім қатысқан барлық жарыста өте жоғары бабымда болдым», - деді Михайн Лопес.

Ол грек-рим күресінен үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған ресейлік Александр Карелинге қатысты пікірін жеткізуді ұмытпаған.

«Карелин - аңыз спортшы. Карелин ол - Карелин. Ал Михайн ол - Михайн. Мұндай деңгейдегі екі адамды салыстыру мүмкін емес. Бұл екі адам тарихты жасау үшін жаралған. Бүгін Карелиннің туған жеріне келіп отырмын. Бұл жерге келуімнің астарында даңқты балуанның қолын алып, оған құрмет көрсету ниеті жатыр. "Карелин лақтырып күресетін балуан болған. Алайда мен күшімді сақтау үшін төрттағанда аударып, ұпай жинаймын. Себебі, лақтыру күресу үшін күш жұмсауға тура келеді», - деді 5 дүркін Олимпиада чемпионы.

Бұдан бөлек, әлемнің рекордын орнатқан балуан Кубада өзін бақытты сезінетінін атап, 11 млн халқының өзін шексіз сүйетінін жеткізді. Сондай-ақ, UFC спортын қарамайтынын, ал танымал файтер Хабиб Нурмагомедовты танымайтынын ашық атады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам