“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Тоқаев Ермек Маржықпаевты министр қызметінен алып тастады

31.08.2024, 10:09

Ол аталған қызметті небәрі 11 ай атқарған

Тоқаев Ермек Маржықпаевты министр қызметінен алып тастады
Туризм және спорт министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев аталған лауазымнан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылған.

Айта кетейік, 27 тамызда мемлекет басшысы Ақордаға Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен спорт саласына жауапты шенділерді жинаған болатын. Аталған жиында Тоқаев Спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмысына сын айтқан.

Ермек Маржықпаевтың министр болғанына әлі бір жыл толған жоқ. Ол былтыр қыркүйекте аталған қызметке тағайындалған болатын. Оған дейін Ақмола облысының әкімі лауазымында болған еді.

Еске салайық, Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасында небәрі бір алтын, үш күміс және үш қола медаль еншілеген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам