Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Камил Куруглиев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

08.09.2024, 23:42

Бұған дейін 97 келіде өнер көрсеткен Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды

Камил Куруглиев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
olympic.kz

Испанияда күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Камил Куруглиев үшінші орынға ие болды. Еркін күрестен 92 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде парсы балуанын қапыда қалдырды.

Ақтаулық балуан Ираннан келген Әмірреза Жафар Далириді 8-5 есебімен ұтып, екінші жыл қатарынан әлем біріншілігінде жүлде алып отыр.

Куруглиев әлем чемпионатының 1/8 финалында грузиялық Константин Петриашвилиді 7:6 есебімен жеңсе, ширек финалда түркиялық Фатих Алтынбаштан 5:2 нәтижесімен басым түсті.

Ал жартылай финалда бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Мұстафагаджи Малачдибировтен 0:5 есебімен ұтылды.

Еске салайық, дәл осы жарыста Ризабек Айтмұқан 97 келіде барлық қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам