Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы Қазақстан мен Өзбекстанның спортына жауапты болып сайланды

08.09.2024, 23:56

Ол біздің елдің спорт саласының дамуына атсалысады

Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы Қазақстан мен Өзбекстанның спортына жауапты болып сайланды
gazeta.uz

Өзбекстанның спорттық функционері Отабек Умаров (президент Шавкат Мирзиёевтің кіші күйеу баласы – авт.) Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті болып сайланды. Ол Орталық Азия аймағына жауапты.

Шешім Нью-Делиде өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің 44-ші Бас ассамблеясында қабылданды. Сайлау барысында бес аймаққа ұйымның жаңа басшылары мен вице-президенттері тағайындалды. 

Раджа Рандхир Сингх ОСА президенті болып сайланды. 

Отабек Умаров Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Иран және Ауғанстан кіретін Орталық Азия аймағы ұйымын басқарады.

Бұған дейін өзбек президентінің күйеу баласы Ташкент-2025 жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының уақытша вице-президенті қызметін атқарған. Енді ол тұрақты қызметте Азияның бес аймағына олимпиадалық қозғалыстың дамуына жауапты болады.

Отабек Умаров Азия құрлығының спорты әлемге күннен-күнге танылып келе жатқанын, соның дәлелі 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Азияның төрт елі үздік 15-тікке енген спортшылардың лайықты өнер көрсетуі екенін атап өтті.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам