Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Бейбіт Қорған әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласатын болды

Бүгін, 00:14

Басқа балуандардың бәрі әдеттегідей жеңіліп қалды

Бейбіт Қорған әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласатын болды
Күрес федерациясы

Танымал эстрада жұлдызы Бейбіт Қорғанмен аттас қазақстандық балуан Бейбіт Қорғанов Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласатын болды. 

Алғашқы жарыс күні грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу бәсекелері өтті. Қазақстанның бірде-бір балуаны жартылай финалға жете алмады. Бозкілемге шыққан 5 отандасымыздың ішінде 60 келідегі Досжан Өтепқалиев ғана ширек финалға дейін күресті. Қалғандары жарысты ерте аяқтады.

97 келідегі Бейбітті жеңген армениялық Хайк Хлоян финалға дейін қарсылас шыдатпады. Тек соның арқасында ғана отандасымызға қола жүлдеге таласуға мүмкіндік туды. 

Ертең жұбаныш белдесулер Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады. Ал 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейін салмақтағы іріктеу сағат 17:00-ге жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам