ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Париж Олимпиадасынан кейін қырғыздың танымал балуаны жаңа қызметке бекітілді

21.10.2024, 18:48

Ол енді елде әйелдер күресін дамыту бойынша жауапты болмақ

Париж Олимпиадасынан кейін қырғыздың танымал балуаны жаңа қызметке бекітілді
kaktus.media

Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атанған қырғызстандық Айсұлу Тыныбекова жаңа қызметке кірісті.

Көршілес елдің ең танымал спортшысы Париж Олимпиадасындағы жетістігінен кейін араға екі жарым ай салып, күрес түрлері федерациясына вице-президент болып сайланып отыр. Ол енді елде әйелдер күресін дамыту бойынша жауапты болмақ.

62 келіде күресетін қырғыз балуаны 4 рет Олимпиада ойындарына қатысты. Ол алғаш рет Лондон Олимпиадасында сынға түсіп, содан кейін елдегі әйелдер күресінің дамуына тың серпін берді. Рио Олимпиадасында бесінші орынға табан тіріп, Токиода күміс, Парижде қола жүлде иегері атанды.

Ол егемен қырғыз тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Тыныбекова әлемнің 3, Азияның 6 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, Азия Ойындаорында алтын, күміс, қола жүлде иегері атанған. Бұдан бөлек, әлем біріншілігінде бір рет қола, Азия чемпионатында 2 күміс, 2 қола медальді иеленді. 2020 жылы әлем кубогында топ жарды.

Айта кететін жайт, Айсұлу Тыныбекова қазір 31 жаста. Әзірге спорттық мансабын ары қарай жалғастыратыны туралы еш мәлімдеме жасаған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам