Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

Садулаев Әлішер Ерғалидың күрес формасымен жаттығу жасады

05.12.2024, 14:19

Бұған қатысты Әлішер Ерғали 1bol.kz тілшісіне пікір білдірді

Садулаев Әлішер Ерғалидың күрес формасымен жаттығу жасады
Видеодан кадр

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев Қазақстан туы бейнеленген формамен жаттығу жасады. Әлемге танымал балуан 97 келі салмақтағы өзінің қарсыласы Әлішер Ерғалидің формасын киген сәті туралы бейнежазба тарады.

Бұған қатысты Әлішер Ерғали 1bol.kz тілшісіне пікір білдіріп, белгілі балуан киіп жүрген өзінің формасы туралы айтты.

«Бұл қаңтар айында түсірілген бейнежазба болатын. Сол уақытта Садулаев менің шалбарымды киген еді. Жақын күндері аталған бейнежазба жарыққа шыққан соң көпшілігі мені Дағыстанда оқу-жаттығу жиындарында жүр деп ойлады. Жалпы, Садулаев екеуіміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы, бізді еркін күрес қатты байланыстырады. Дағыстанға барған сайын құшақ жая күтіп алады. Спорттан бөлек, біз өте жақсы байланыстамыз. Қарапайым, адамгершілігі жоғары жігіт қой», - деді Әлішер Ерғали.

Бұған дейін Садулаев Алматыға бірнеше күнге келіп, Алатау баурайында қонақ болған еді. Кейін ол Әлішер Ерғалимен 5 жылдан бері жақын байланыста екенін айтып, спорттағы достығын үлгі еткен болатын.

Айта кететін жайт, Садулаев 31 қараша күні Тирана күрес түрлерінен Олимпиадалық емес салмақ дәрежелі бойынша өткен әлем біріншілігінде топ жарды. Ол бұл сында 92 келіде белдесіп, Токио Олимпиадасының чемпионы Дэвид Тейлорды (АҚШ) және екі дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Карман Гасемпурды (Иран) ұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам