Бас бапкер қазақ тілін үйренуге уақыты жоқ екенін де жасырмады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «СЭ» баслымына берген сұхбатында қазақ тілін үйренуге қатысты жауап берген.
«Егер сен өзге елде, бөлек мәдениеттің ортасында өмір сүріп жатсаң, онда кемінде қарапайым сөз тіркестерін білуің керек. Қай елге барсам да, міндетті түрде оқимын, үйренемін. Бұл қалыпты жағдай. Әрине, қазақ тілінде лекция оқи алмаймын немесе киім ауыстыратын бөлмеде қазақ тілінде тапсырма бере алмаймын. Бірақ амандасып, жағдайын білуге шамам жетеді. Қазір қазақ тілін үйренуге уақыт аз. Дегенмен ойыншылар немесе қызметкерлер өзара сөйлесіп жатқанда, сол сөздердің мағынасын сұраймын», - деді Черчесов.
Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда алды.