Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

«Путиннің досы»: өзбек миллиардері халықаралық семсерлесу федерациясын небәрі 5 күн басқарды

06.12.2024, 16:23

Оның негізгі бизнесі Ресеймен байланысты

«Путиннің досы»: өзбек миллиардері халықаралық семсерлесу федерациясын небәрі 5 күн басқарды
РИА Новости

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Алишер Усманов Халықаралық семсерлесу федерациясына президент болып тағайындалып, небәрі бес күннен кейін қайта отставкасын жариялады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах болса миллиардер мұндай шешімді Семсерлесу федерациясын қорғауға бола қабылдағанын айтты.

Айта кетейік, өзбек миллиардері Усманов FIE президенті лауазымына 30 қарашада кірісіп, 4 желтоқсанда өз еркімен қызметін тоқтатты. Ол мұндай қадамға өзіне жарияланған санкциялар ұйым жұмысына кедергі келтірмес үшін барған.

«Семсерлесу федерациясына келсек, бұл демократиялық сайлау болған. Бізге жеткен ақпарат бойынша, Усманов халықаралық федерацияны қорғау үшін тиісті шара қолданды», - деді Бах ХОК-тың атқарушы комитетінің Лозаннада өткен баспасөз жиынынан соң.

Еске салайық, Алишер Усманов ұзақ уақыт Ресейде кәсіп еткен. Оны тіпті «Путиннің досы» деп те атайды. Негізгі бизнесі осы елде болғандықтан Батыс санкциялары Усмановты айналып өткен жоқ. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам