Рамзан Кадыровтың 17 жастағы ұлы аралас жекпе-жекпен айналысады
Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың 17 жастағы ұлы, аралас жекпе-жек шебері (ММА) Адам Кадыров наиб Имамат Байсангур Беноевский орденінің иесі атанды. Адамға бұл орден мәңгі сақтауға берілді. Бұл туралы Шешенстан Республикасы үкіметінің төрағасы Магомед Даудов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Кавказ соғысы жылдарында көрнекті шешен көсемі наиб имамат Байсангур Беноевскийге Имам Шамиль берген орденді қымбатты ініме, Шешенстан Республикасы президенті мен үкімет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің басшысы Адам Рамзанұлы Кадыровқа тағу және мәңгі сақтау үшін табыстадым», — деп жазды Даудов.
Айта кетейік, Адам Роберт Уиттакермен айқас алдында UFC-де жеңілмеген шешенстандық спортшы Хамзат Чимаевтың жанында болды.