Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Спортшы депутат Түркістанда арақ сатуға тыйым салуды талап етті (ВИДЕО)

18.12.2024, 11:38

Оның бұған дейінгі талаптарының біразы орындалмаған

Спортшы депутат Түркістанда арақ сатуға тыйым салуды талап етті (ВИДЕО)
скрин YouTube

Мәжіліс депутаты, аралас жекпе-жек шебері Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ сатуға тыйым салу керек деп есептейді. Мұндай пікірін ол Мәжілістің алқа отырысында айтып, Үкіметке депутаттық сауалын жолдады.

«Түркістанда арақ сатуға, ішуге, ішіп алып ләйліп жүруге заң аясында тыйым салсақ… Өйткені, Түркістанды білесіз, рухани астана деп отырмыз, бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде біздің бабаларымыз, әулие, би, батырларымыз жатыр. Ертең шетелден көп қонақтар келеді, сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп алдынан шығатын болса ұят қой?! Сондықтан заңның аясында «арақсыз қала, рухани қала» деп араққа тыйым салуға болады ма?», - деді Назаров өзінің депутаттық сауалында.

Айта кетейік, Мәжіліске алғаш келген уақытта Ардақ Назаров ЛГБТ қозғалысына тыйым салуды сұраған болатын. Алайда, оның бұл өтініші жауапсыз қалды.

Сондай-ақ, жуырда Талғарда Шерзат Болат есімді жасөспірім қаза тауып, артынша үйі өртенген кезде кезде Ардақ Назаров оқиға орнына барып, фото-видеоға түсіп қайтқан болатын. Артынша осы әрекеті үшін  әлеуметтік желіде қатаң сынға ұшырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам