Көпшілік спортшыдан күйеуінің жасын сұрап жатыр
Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарында екі мәрте жүлдегер атанған қырғыздың танымал балуаны Айсұлу Тыныбекова өзінің болашақ күйеуін көрсетті.
Әлеуметтік желіде сурет жариялаған белгілі балуан өзінің серігі туралы ағынан жарылды.
«Бүгін мен сіздерге өмірімнің ең маңызды бөлігін көрсетем деп шештім. Менің күйеуім туралы сұрақтар көптеген адамдар қызықтыратын секілді. Мен әрқашан бақытты әлем деп санайтынмын және жеке өмірімді көпшілік назарына ұсынбауды жөн көріп келдім. Бірақ қазір менің өмірімнің жаңа беттерін ашып, маған қолдау көрсетіп, мені әлемдегі ең бақытты ететін адамды көрсететін уақыт келді деп ойлаймын. Әрбір қыз бақытты болуы керек», - деп жазды спортшы.
Айсұлу Тыныбекова өз жазбасында күйеуінің қай салада қызмет ететіні туралы артық ештеңе жазбаған. Көпшілік оған бақыт тілесе, бір легі күйеуінің жасын сұрап, сымбатты екенін тілге тиек еткен.
62 келіде екі Олимпиададан жүлде алған Айсұлу Тыныбекова қырғыз елінің танымал спортшысы. Ол алғаш рет Лондон Олимпиадасында сынға түсіп, содан кейін елдегі әйелдер күресінің дамуына тың серпін берді. Рио Олимпиадасында бесінші орынға табан тіріп, Токиода күміс, Парижде қола жүлде иегері атанан.
Ол егемен қырғыз тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы саналады. Тыныбекова әлемнің 3, Азияның 6 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, Азия Ойындарында алтын, күміс, қола жүлде иегері атанған. Бұдан бөлек, әлем біріншілігінде бір рет қола, Азия чемпионатында 2 күміс, 2 қола медальді иеленді. 2020 жылы әлем кубогында топ жарды.