Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мансабын аяқтады деген Дидар Хамза екінші рет халықаралық жарысқа қатыспақ

28.01.2025, 17:17

Бакуде дзюдодан Гранд Слэм турнирі өтеді

Мансабын аяқтады деген Дидар Хамза екінші рет халықаралық жарысқа қатыспақ
ҰОК

Қазақстан дзюдошылары ақпан айының ортасында Бакуде өтетін Гранд Слэм турнирінде белдеседі. Бұған дейін мәлім болған спортшылар құрамы қайта жаңартылып, тізім толығып отыр.

Олардың қатарында Данияр Құлышев (60 келі), Әбілқайыр Ұлықбек (60 келі), Берікұлы Әділет (66 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Ислам Тоқтасын (73 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ратаев Қуаныш (90 келі), Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) сынды спортшылар бар.
 
Айта кететін жайт, Қытайда өткен Азия ойындарынан кейін мансабын аяқтаған Дидар Хамза осымен екінші рет халықаралық додаға қатысқалы отыр. 2023 жылы "татамимен қош айтыстым" деген спортшы былтыр мамырда Душанбеде өткен Гранд Слэм бәсекесінен кейін Бакуде сынға түсуге бел буып отыр. Тағы бір мәселе, спортшы былтыр қараша айында Ақтөбеде өткен ел чемпионатында күресіп, жүлдесіз қалған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам