Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

«Хуторлықтар»: MMA бапкерін ұрлап кетті деген Хасан Қасымбаевқа үш айып тағылды

29.01.2025, 01:10

Ол қазір тергеу изоляторына қамалған

«Хуторлықтар»: MMA бапкерін ұрлап кетті деген Хасан Қасымбаевқа үш айып тағылды
скрин YouTube

Талғардағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін тұрғындар ауданда «Хуторлықтар» деген атаумен құрылған қылмыстық топтың бар екенін, оны Хасан Қасымбаев есімді азаматтың басқаратынын жарыса жазған болатын. Тексеру жүргізген полицейлер қылмыстық топты таппаса да, басқа іс бойынша Қасымбаевты тергеу абақтысына қамап тастады.

Белгілі болғандай, ұсталған күдікті үш жылдан астам уақыт бұрын MMA бапкеріне жасалған қастандыққа қатысы болуы мүмкін.

«Аталған тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жарияланбайды», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есте болса, Шерзаттың өлімінен кейін Талғарда бұған дейін жасалған қылмыстар туралы жұрт жарыса айта бастады. Солардың бірі – MMA жаттықтырушысы Арман Әлімовке жасалған қастандық. Оқиға 2021 жылы болып, көшедегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Онда бір топ ер адамның Әлімовті ұстап алып, соққыға жыққанын аңғаруға болады. Кейін олар жәбірленушіні көлікке тиеп алып кетеді.

Спортшының туыстары хабарлағандай, қаскөйлер Арман Әлімовті канал маңына апарып, тағы да тепкілеген. Ол осыдан кейін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты.

Арман Әлімовке жасалған қастандықты Хасан Қасымбаев ұйымдастырғанын жәбірленушінің туыстары бұған дейін де бірнеше рет айтқан екен. Алайда, үш жылдан астам уақыт «үнсіз жатқан» өңірдің полицейлері бұл арызға енді құлақ асып, күдіктіні қамауға алып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам