![Қытай құрамасындағы қазақ конькишілері Азия ойындарының чемпионы атанды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/11/67ab20721abd2968101793.jpeg)
Қытай құрамында өнер көрсетіп жатқан төрт қазақ та Азиада жүлдесін алды
Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қытай құрамасындағы қазақ конькишілері чемпион атанды. Қанағат Мұхаммедұлы мен Ақнәр Ардаққызы командалық сайыста бірінші келді.
Қанағат Мұхаммедұлы бұған дейін жекелей сында қола жүлдегер атанған болатын. 5000 метрге конькимен жүгіруде қандасымыз мәре сызығын үшінші болып кескен.
Жалпы, Азия ойындарына Қытай құрамасы сапында төрт қазақ өнер көрсетті. Төртеуі де құрлық жарысында медаль алып отыр. Атап айтқанда, шаңғымен спринт бағдарламасында Самғар Серікұлы қола медаль алса, Баян Жалынқызы чемпион атанған.
Төрт спортшы да Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. Төртеуі де 1999 жылғы.