Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

«Кіршіксіз таза»: Қытайдағы қазақ конькишісі өз есімінің мағынасын түсіндірді

Бүгін, 10:55

Қазақ қызы бапкерлері мен отбасына алғысын айтты

«Кіршіксіз таза»: Қытайдағы қазақ конькишісі өз есімінің мағынасын түсіндірді
instagram.com/ahnaeradake

Конькимен жүгіруден Азия ойындарының чемпионы атанған Қытайдағы қазақ спортшысы Ақнәр Ардаққызы жанкүйерлеріне өз есімінің мән-мағынасын түсіндірді.

Еске салайық, Ардақ Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден командалық сайыста Қытай құрамасымен бірге алтын жүлде жеңіп алды.

«Менің қысқы Азия ойындарына сапарым сәтті аяқталды. Біздің Қытай құрамасы конькимен жүгіруден алтын жүлдені жеңіп алды. Командаластарыммен бірге еліміздің даңқын алып жүргенімді мақтан тұтамын.

Жаттықтырушыларға және төрешілерге адалдығы үшін, сондай-ақ мені әрқашан қолдаған отбасым мен достарыма рахмет. Бұл алтын медаль – алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтижеге жетуіме мотивация. Милан Олимпиадасында да осы сәтті күтеміз. 

Сөз соңында айта кетейін дегенім, Харбин қаласына алғысымды білдіргім келеді. Менің есімімдегі «ақ» қазақ тілінде кіршіксіз таза мағынасын білдіретіні сияқты, Харбиннің қары мен мұзы да әдемі және таза», - деді, спортшы өзінің Instagram-парақшасына.

Ақнәр Ардаққызы қазақстандық аудиторияға 2022 жылы Бейжің қысқы Олимпиадасы кезінде танылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам