Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстандық ауыратлеттер ақпанда Азия чемпионатына қатысады

11.01.2024, 12:36

Жеңімпаздар Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады

Қазақстандық ауыратлеттер ақпанда Азия чемпионатына қатысады
көрнекі фотосурет

3-10 ақпан күндері аралығында Өзбекстанда ауыр атлетикадан 52-ші Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Аталған турнирде Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі.

Оның ішінде ерлер арасында Ақмолда Сайрамкез (67 кг), Әлібек Рақымберді (73 кг), Александр Уваров (81кг), Сергей Петрович және Кирилл Староверкин (екеуі де 96 кг) өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында Айнұр Әбдіхалықова (49 кг) мен Арай Нұрлыбековаға (81 кг) сенім артылған.

Ташкентте өтетін Азия чемпионаты Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир болып саналады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам