Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан волейболшыларына Париж олимпиадасына қатысуға еш мүмкіндік қалмады

11.01.2024, 12:25

Олимпиадаға лицензия беретін жарыстың бәрі аяқталды

Қазақстан волейболшыларына Париж олимпиадасына қатысуға еш мүмкіндік қалмады
Фото ашық дереккөзден

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесуде құраманың нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Басқосу барысында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырған болатын.

«Волейболшыларымыздың халықаралық аренада көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл көншітпейді. Клубтар арасындағы біріншіліктерді есепке алмағанда, жерлестеріміз бірнеше жылдан бері Азия чемпионаттарында жүлдегерлер қатарынан көріне алар емес. Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз ең кейінгі рет 2017 жылы, әйелдер 2005 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын. Париждегі Олимпия ойындарына қатысу үшін біз әлемдік рейтингте ТОП-5 құраманың қатарына енуіміз керек екені белгілі. Алайда, қазіргі таңда әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 32-ші, ал ерлер құрамасы 59-орында тұр. Яғни, волейбол спорты бойынша бізде Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік жоқ деп айтуға болады», - деді министр.

Өз кезегінде волейбол федерациясының өкілдері аталған спорт түріндегі негізгі проблемалар туралы айтты. Солардың бірі – ұлттық команданың жас ерекшелігі. Қазіргі уақытта команданың негізін 30 жастан асқан спортшылар құрайды. Сондай-ақ спорт функционерлері еліміздегі Ұлттық лиганың деңгейі төмен екенін, әлемдік деңгейге сәйкес келмейтінін айтты.

Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келе жатқан ойын түрі. Бүгінде республика бойынша 14 мың волейбол секциясы жұмыс істейді. Онда 600 мыңнан астам бала аталған спорт түрімен тұрақты шұғылданып жүр.

Волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ең кейінгі ірі жарыста сүреңсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмағаны белгілі. Есесіне, жағажай волейболынан ел құрамасы әлемде үшінші орынға табан тіреді. Ал волейбол бойынша биылғы Париж олимпиадасына жолдама беретін барлық іріктеу турнирі аяқталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам