Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

The World Games - 2025: Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты

08.08.2025, 12:38

Еуропа чемпионы Ема Сгарделлимен финал жолдамасын сарапқа салады.

The World Games - 2025: Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты
ҰОК

Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден бірінші жарыс күні басталды.

Ең жеңіл, 50 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай топтық кезеңдегі екі қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алжир өкілі Силия Уикен (21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) - 4:0;

Венесуэла спортшысы Йоргелис Салазар (2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 3:0;

Қытайдан келген Жунхуй Ванг - 0:1.

Енді отандасымыз Астана уақытымен 13:55-те екі дүркін Еуропа чемпионы Ема Сгарделлимен (Хорватия) финал жолдамасын сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам