Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Допингпен ұсталып қаламын ба деп қорқамын - әлем чемпионы атанған қазақ спортшысы

Бүгін, 11:18

Париж Олимпиадасынан тыс қалған болатын.

Допингпен ұсталып қаламын ба деп қорқамын - әлем чемпионы атанған қазақ спортшысы
Туризм және спорт министрлігі

Ауыр атлетикадан 2024 жылғы әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы допинг дауына қатысты алаңдаушылығын білдірді. 

“Қазір біз допинг қолданбаймыз. Допингті қолдана да алмаймыз. Бізді кез келген уақытта қан алып, тексеруге болады. Тіпті дәріханаға барып дәрі алсам, өзіміздің дәрігерлерге және де KazNat допинг — деген бар соларға хабарласып, құрамында допинг бар ма, жоқ па деп сұраймын. Қазір барынша сақтанып жүреміз. Себебі допингпен ұсталып қаламын ба деп қорқамын. Бізге өздері витамин береді. Соны қолданамыз. Олардың құрамында допинг болмайды», — дейді Нұрғиса Әділетұлы Sport pluse арнасына берген сұхбатында.

Спортшының айтуынша 2023 жылы Азия чемпионы атанған соң спортшының ағзасына тыйым салынған зат анықталып, спорттан шеттетілді. Осылайша ол Париж Олимпиадасынан тыс қалған болатын.

«2023 жылы Азия чемпионатында топ жардым. Алайда осы оқиғадан соң бізді допингпен қысты. Тексерген кезде бірінші нөмердегі мені және тағы 1-2 спортшының ағзасынан тыйым салынған зат анықталды. Шын мәнінде біз ішкен витаминдерді басқа спортшылар да ішті. Ал олардан анықталған жоқ. Ол әдейі жасалған қастандық па, басқасы ма бір Аллаға ғана аян. Дегенмен Париж Олимпиадасынан соң ақталдық. Бұндай ақтап алу бұрын-соңды болмаған. Егер Парижге барғаным да чемпион болар едім», — дейді ауыр атлет. 

Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Жасұлан Қыдырбаевтан кейін араға 10 жыл салып, әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам