Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ол менен бір нәрсе қалады». Сабина Алтынбекова бапкері туралы айтты

Бүгін, 08:56

Бірақ оның нақты не қалағанын ұға алмадым

«Ол менен бір нәрсе қалады». Сабина Алтынбекова бапкері туралы айтты
Фото: altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 2014 жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерімен арада болған келіспеушіліктер жайлы ашық айтты.

«Бапкермен қарым-қатынаста қиындықтар туындады. Маған не үшін осындай алдын ала қалыптасқан теріс көзқарас болғанын түсінбедім. Кейіннен мен туралы «ол мүлдем ойнай алмайды, тек әдемі қыз ғана, құрамада жеңілістердің бәрі Сабинаға назардың артуынан» деген сөздер айтылды. Мен мұны қақтығыс деп емес, көбірек түсінбеушілік деп қабылдадым. Ол менен бір нәрсені қалады, бірақ оның нақты не қалағанын ұға алмадым. Әр жаттығудан кейін көз жасымды тыя алмай қайтатын кездерім болды. Біз қонақүйде тұрғандықтан, бапкерге қоңырау шалып: «Құрамада ойнағым келмейді, қатты шаршадым» деп айтатынмын», — деді спортшы.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2013–2018 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетті. Ол құрама сапында алғаш рет 2013 жылы 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында дебют жасаған. Ал 2014 жылы Тайбэйде өткен U-19 Азия чемпионатынан кейін бүкіл Азияға кеңінен танылды. 2018 жылдан бастап ол құрамаға шақыру алмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам