Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Ерейментауда жас балуан мойнын сындырып алды

08.09.2025, 16:34

Ақтөбеден келген 15 жастағы спортшы белдесу кезінде өлім аузына түскен

Ерейментауда жас балуан мойнын сындырып алды
ҰОК

7 қыркүйекте Ақмола облысының Ерейментау қаласында өткен қазақ күресі турнирінде қайғылы жағдай болды.

Ақтөбеден келген 15 жастағы спортшы белдесу кезінде мойнын сындырып, клиникалық өлім жағдайына түсті. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, жасөспірімнің өмірін сақтап қалды.

Зардап шеккен бала санитарлық авиация арқылы жедел түрде Астана қаласына жеткізілді.

«2010 жылы туған жасөспірім №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Оған дереу консилиум ұйымдастырылып, Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар нейрохирургі қатысты. Қысқа уақыт ішінде интенсивті терапия басталды. Қазіргі таңда науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам