
Турнирге ресми түрде «орыс танкісі» саналатын Абдулрашид Садулаев та тіркелген.
Биылғы жылы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 13 қыркүйекте Хорватияның Загреб қаласында басталады. Аталған дода боз кілемдегі балуандар үшін жылдың ең басты спорттық оқиғаларының бірі болмақ. Еркін күрестен ең қызықты белдесу 97 келіге дейінгі салмақта өтеді деп күтілуде. Мұнда нағыз мықтылар жиналмақ.
Бұл салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудинов (Бахрейн), Рио-2016 жеңімпазы Кайл Снайдер (АҚШ), Париж Олимпиадасының финалисі Гиви Мачарашвили (Грузия) сынды алыптар өнер көрсетеді. Сонымен қатар Әзірбайжан балуаны Магомедхан Магомедов пен ирандық Амирали Азарпира да додаға қатысады. Олар өткен жылғы басты жарыста қола медаль жеңіп алған. Турнирге ресми түрде «орыс танкісі» саналатын Абдулрашид Садулаев та тіркелген.
Әлемдік күрес сарапшылары ерекше назарды қазақстандық балуан, 2023 жылғы әлем чемпионы (92 келі) Ризабек Айтмұханға аударып отыр. Сарапшылар оның жаңа салмақта «алтынға» басты үміткерлердің бірі екенін атап өтті.