ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстандық 8 дзюдошы Қытайдағы Гран-при турнирін жүлдесіз аяқтады

29.09.2025, 11:40

Әділет Алмат қола медаль үшін тартыста жеңіліс тапты

Қазақстандық 8 дзюдошы Қытайдағы Гран-при турнирін жүлдесіз аяқтады
IJF

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде жүлдеге қол жеткізе алмады.

Бұл ірі халықаралық жарыста ел намысын сегіз спортшы қорғады.

Әділет Алмат жүлдеге бір қадам жақын болды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдескен болатын.

Алайда қазақстандық спортшы түркиялық Ведат Албайраққа есе жіберіп, нәтижесінде бесінші орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам