Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Әйгілі теннисші Арина Соболенко Париж Олимпиадасына қатыспауы мүмкін

26.03.2024, 02:41

Жуырда ғана оның сүйіктісі қайтыс болған еді

Әйгілі теннисші Арина Соболенко Париж Олимпиадасына қатыспауы мүмкін
WTA

Әлемнің екінші ракеткасы саналатын беларустік теннисші Арина Соболенко Париж Олимпиадасынан тыс қалуы мүмкін.

Tennis Up to Date басылымының жазуынша, Беларусь елінің қос мықтысы Арина Соболенко мен Виктория Азаренко (әлемнің экс-бірінші ракеткасы) Франция астанасындағы Олимпиадаға бара алмайды.

Өйткені 6 наурызда Халықаралық теннис федерация (ITF) Париждегі ойындарға Ресей және Беларусь теннисшілері бейтарап статуста ғана қатыса алатынын хабарлаған. Сондай-ақ, спортшылар қосымша талаптарға да сәйкес келуі керек. Атап айтқанда, олардың Украинадағы соғысты қолдамауы және Ресей әскерімен байланысы болмауы маңызды. Ал, Аринаның Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірге түскен фотосуреті бар. Бұл оның жағдайына кері әсерін тигізген көрінеді.

Айта кетейік, жақында Арина Соболенконың сүйіктісі, атақты хоккейші Константин Кольцов 43 жасында қайтыс болды. БАҚ оның суицид жасағанын жазған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам