Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жас теннисшілер рейтингтегі нәтижесін жақсартты

21.11.2023, 11:31

Теннисшілер жылды қорытындылап жатыр

Қазақстандық жас теннисшілер рейтингтегі нәтижесін жақсартты
Фото ашық дереккөзден

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жариялады. Олардың арасында Қазақстан спортшылары да бар.

Таиландтағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.

Сонымен қатар, Даниал Рахматуллаев 114-ке (+2), Виталий Зацепин 154-ке (+16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр. 

Қыздар арасында Асылжан Арыстанова да көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылап отыр. Ал Ая Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.

Бұған дейін ерлер арасында Бауыржан Жұқаев рейтингте жоғары көтерілген болатын. АҚШ турнирінде жеңіске жеткен отандасымыз 247-ші орыннан 197-ші сатыға тұрақтаса, кейін нәтижесін жақсартып, әлем бойынша 186-теннисші атанып отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам