Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады

Telegram WhatsApp

Рыбакина 31-орында тұрған Крейчиковаға жол берді

Instagram/lenarybakina
Instagram/lenarybakina

Лондонда теннистен өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан Елена Рыбакина чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылып қалды

2 сағат 9 минутқа созылған ойында әлемнің 4-ші ракеткасы Рыбакина 31-орында тұрған Крейчиковаға 2:1 есебімен жол берді.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен алға шықты. Ойын басталған сәтте Рыбакина қатарынан 2 брейк жасап, 4:0 есебімен алға шықты. Дегенмен, Крейчикова да өз мүмкіндігін пайдаланып, алғашқы сеттің соңында 2 брейк жасады. Соған қарамастан тайм Рыбакинаның еншісіне жазылды.

Ал екінші партияда чех теннисшісі басымдықты қолға алды. Ол 6-шы геймде брейк жасап, басымдыққа ие болды. Осылайша екінші сет 6:3 есебімен Барбораның пайдасына шешілді.

Шешуші сетте екі теннисші де өте сақ ойнады. Алайда 7-геймде Рыбакина өз мүмкіндігін толық пайдалана алмай, брейкке жол берді. Осылайша Барбора 6:4 есебімен сетті аяқтап, жеңіске жетті.

Ол енді финалда әлемнің 7-ші ракеткасы Ясмин Паолинимен шеберлік байқасады.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 323 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 274 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 508 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 822 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 480
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›