Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Ленаны өзіміздің қыз деп санайды». Ресейлік басылым Рыбакинаның өнеріне баға берді

12.07.2024, 11:58

Елена Рыбакина 2018 жылы азаматтығын ауыстырған

«Ленаны өзіміздің қыз деп санайды». Ресейлік басылым Рыбакинаның өнеріне баға берді
Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық танымал теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалында чехиялық Барбора Крейчиковадан жеңіліп, финалға шыға алмады. 

«Советский спорт» басылымы бұл матч алдында былай деп пікір білдірген болатын.

«Уимблдон турнирі аяқталуға жақын. Әйелдер себетінде ресейліктер қалған жоқ, бірақ 2018 жылы азаматтығын ауыстырған, Мәскеу тумасы  Елена Рыбакина бар. Ресейде Ленаны әлі күнге дейін өзіміздің қыз деп санайды, тиісінше оның ойынын бақылап отырамыз. Сондықтан жартылай финалдағы чехиялық Барбора Крейчиковамен матчы назар аударуға тұрарлық еді.

Елена әлемдік рейтингіде төртінші орында келеді, ал Барбора Уимблдонға 32-ракетка ретінде келді. Рейтингіге қарамастан, өзара кездесулерде Крейчикова ғана жеңіске жеткен: 2021 жылы – Австралияда, 2022 жылы – Чехияда. Екі ойын да үш сетте аяқталған. Алайда екі жыл бұрын Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Уимблдонда топ жарған және биыл сол ертегіні қайталауды мақсат тұтады», - делінген басылымда.

Автор ойыннан соң матчқа қатысты қорытынды жасаған. 

«Елена Рыбакина турнирді керемет өткізді және жартылай финалдық матчтың басын өте сәтті бастаған. Ол ойынды толықтай бақылап, сенімді түрде соққы жасап жатқан. Бірақ бір сәтте сол сенімділігінен айырылып, ойыны өзгере бастады. Тиісінше екінші және үшінші партияларда Крейчикова жинақы өнер көрсетіп, жеңіске жетті», - деп жазылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам