ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әмір Омарханов Уимблдон финалына шығу үшін бақ сынайды

11.07.2025, 15:30

Қазақстандық-ресейлік жұп ширек финалда 6:4, 7:6(10:8) ұпаймен жеңіске жетті

Әмір Омарханов Уимблдон финалына шығу үшін бақ сынайды
ҰОК

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз жұптық сайыста өнер көрсетуде. Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.

Нәтижесінде, қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 7:6(10:8) ұпаймен жеңіске жетті. 

Жартылай финалда Омарханов/Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам