ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық теннисші Уимблдонның жартылай финалында жеңілді

11.07.2025, 21:56

Әмір Омарханов пен Егор Плешивцев Уимблдондағы жарыс жолын аяқтады

Қазақстандық теннисші Уимблдонның жартылай финалында жеңілді
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұптасып, Уимблдон-2025 жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жартылай финалдық матчқа қатысты.

Жартылай финалда Омарханов пен Плешивцев финляндиялық Оскари Палданиус пен поляк Алан Важныға қарсы ойнап, үш сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты - 4:6, 6:4, 5:10. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша, Әмір Омарханов пен Егор Плешивцев Уимблдондағы жарыс жолын аяқтады. Ал Оскари Палданиус пен Алан Важны финалға жолдама алып, келесі кезеңде Оливер Бондинг (Ұлыбритания) / Джаггер Лич (АҚШ) және Мик Роттгеринг / Хидде Шенмакерс (Нидерланд) жұбы арасындағы жеңімпазбен кездесетін болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам