ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Бублик Швейцариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

18.07.2025, 21:17

Александр Бублик - бұл турнирде басты фавориттерінің бірі

Бублик Швейцариядағы турнирдің жартылай финалына шықты
ҰОК

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 34-орында) Швейцарияның Гштад қаласында өтіп жатқан турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Ширек финалда Бублик аргентиналық Франсиско Комесаньямен (74-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 6:4, 6:3. Ойын 1 сағат 13 минутқа созылды. Осылайша, Александр жартылай финалға жолдама алып, енді Жером Ким (Швейцария, 154-орын) мен Артюр Казо (Франция, 116-орын) арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Александр Бублик - бұл турнирде басты фавориттерінің бірі, ол жарысқа екінші нөмірмен тіркелген. Турнирдің бірінші нөмірі болып Норвегия өкілі Каспер Рууд (13-орын) тіркелген.

Турнирдің жүлде қоры - 596 035 еуро. Чемпион атанған теннисші 90 675 еуро мен 250 рейтингілік ұпай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам