
Өзінің айтуынша, танысуға арналған мобильді қосымшаларды ұната бермейді екен.
2021 жылғы US Open турнирінің финалисі, әлемнің 35-ракеткасы канадалық теннисші Лейла Фернандес Монреальда (Канада) жанкүйерлеріне кездесу ұйымдастыруды ұсынды.
Өзінің айтуынша, танысуға арналған мобильді қосымшаларды ұната бермейді екен.
«Монреальда бір сағаттық кездесуге баруды жоспарлап отырмын. Егер менің жұбым болғыңыз келсе, жазыңыз, өзіңіз туралы хабар беріңіз. Кездесеміз! Бұл көңілді болады. Әзілдеп тұрған жоқпын. Шынымен де кездесуге баруға ниеттімін. Сол үшін жекеме жазыңыз… қазір өз бағын сынайтын сәт», - деп жазды Фернандес әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Лейла Фернандес 2021 жылғы US Open финалында британиялық Эмма Радукануға 4:6, 3:6 есебімен есе жіберген болатын.