Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Александр Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты

26.07.2025, 09:22

Чемпион атанған спортшы 90 675 еуро сыйақы мен 250 рейтингілік ұпай иеленеді

Александр Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты
Теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 30-орында) Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Жартылай финалда Бублик Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандсхулппен (рейтингте 103-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 6:3, 6:4. Айта кетерлігі, екінші сетте Александр 1:4 есебімен жеңіліп жатқан. Соған қарамастан жеңісті жұлып алды.

Финалда Бублик француз теннисшісі Артюр Казомен (100-орын) шеберлік байқасады. Бұл турнирдің басты фавориті ретінде бастапқыда дәл Александр Бублик аталған еді.
Кицбюэль турнирінің жалпы жүлде қоры - 596 035 еуро. Чемпион атанған спортшы 90 675 еуро сыйақы мен 250 рейтингілік ұпай иеленеді.

Аустрияда өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші 26 шілде – 7 тамыз аралығында өтетін Торонто (Канада) мастерс турниріне қатысудан бас тартты. Оны испаниялық Пабло Карреньо-Буста алмастырады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам