
Қазақстандық теннисші француз Артур Казоны (ATP 100) 6:4, 6:3 есебімен жеңді
Әлемнің 30-шы ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласындағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда қазақстандық теннисші француз Артур Казоны (ATP 100) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 250 турнирінде қатарынан екінші рет жеңіске жетті. 2025 жылғы Франция ашық чемпионатынан (Ролан Гаррос) бастап барлық грунт корттарында өткен турнирлерді ескергенде, Бублик 12 мәрте жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілді. Оның жалғыз жеңілісі 2025 жылы Ролан Гарростың ширек финалында итальяндық Янник Синнерге қарсы болды.
Бұл жеңіс Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы үшінші титулы және оның мансабындағы жетінші ATP жекелей титулы болды. Бұған дейін ол келесі турнирлерде чемпион атанған:
ATP 250 Монпелье (2022),
ATP 500 Галле (2023),
ATP 250 Антверпен (2023),
ATP 250 Монпелье (2024),
ATP 500 Галле (2025),
ATP 250 Гштаад (2025).