Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстан теннис федерациясы допинг қолданды деген теннисші туралы айтты

Бүгін, 16:11

Айткұлов бастапқыда ресми дәрігер мақұлдаған аминқышқылдарын пайдаланып жүрген

Қазақстан теннис федерациясы допинг қолданды деген теннисші туралы айтты
ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясы жарыстардан шеттетілген теннисші Арсланбек Айткұлов ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Айткұлов ITIA-дан 2024 жылдың наурыз айында хабарлама алғаннан кейін бірден адвокаты мен Федерацияның қолдауына сүйене отырып, тағылған айыптарға белсенді түрде қарсы шықты. Ол қолданған BCAA қоспасының (аминқышқылдар кешені) жалған өнім екенін дәлелдейтін айғақтар ұсынылды. Федерация спортшыға жан-жақты көмек көрсетіп, өнімге сараптама жүргізуден бастап халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуға дейінгі барлық шараларды қолға алған.

Қазақстан теннис федерациясы өз ұстанымын айқын білдіріп, допингке нөлдік төзімділік қағидаты қатаң сақталатынын атап өтті. Әрбір спортшы антидопинг талаптары бойынша оқытылып, кез келген препарат тек федерация дәрігерінің рұқсатымен ғана қолданылуы тиіс екені айтылды.

Федерацияның мәліметінше, Айткұлов бастапқыда ресми дәрігер мақұлдаған аминқышқылдарын пайдаланып жүрген. Кейін ол Қарағандыдан ұқсас қоспаларды сатып алған, алайда KazWADA деректері бойынша бұл өнімдердің ірі партиясы қолдан жасалған болып шыққан. Оның ішінде спортшы тұтынған аминқышқылдар да бар.

Федерация қазақстандық спортшылардың құқықтарын қорғауды жалғастыратынын мәлімдеп, сонымен қатар спорттағы адалдық пен тазалық принциптерін әрдайым бірінші орынға қоятынын жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам