Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

22.08.2025, 09:30

Финалға шығу үшін чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Скочпен кездеседі

Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
KTF

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич ширек финалда америкалықтар Кармен Корли – Ивана Корлимен кездесті.

Қазақстандық-сербиялық жұп матчты жақсы бастады – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте америкалықтар есе қайырды – 7:6 (7:2). Дегенмен супер тай-брейкте Анна мен Александра шеберліктерінің басым екендігін танытты – 10:8.

Анна Данилина – Александра Крунич финалға шығу үшін чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Скочпен кездеседі.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам