ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қорытынды турнирдегі дау: Рыбакина WTA басшысымен суретке түсуден бас тартты

09.11.2025, 14:17

Ал бұл сәт турнирдің тікелей эфирінде көрсетілді

Қорытынды турнирдегі дау: Рыбакина WTA басшысымен суретке түсуден бас тартты
Видеодан кадр

Қазақстандық танымал теннисші Елена Рыбакина Қорытынды турнирден кейінгі марапаттау рәсімінде WTA ұйымының бас директоры Порша Арчердің жанына тұрудан бас тартты. Бұған Арчердің Рыбакинаның жеке бапкері Стефано Вуковтың турдан шеттетілуіне ықпал етуі себеп болған көрінеді.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA-2025 маусымының Қорытынды турниріндегі марапаттау сәтінде Рыбакина Арчермен бірге суретке түсуден бас тартып, сәл шетке кеткен. Ал бұл сәт турнирдің тікелей эфирінде көрсетілді.

Sports.ru жазуынша, баспасөз мәслихатында журналистер Рыбакинадан неліктен мұндай қадамға барғанын сұрағанда, спортшы:

«Бұл тек Арчер екеуміздің арамыздағы әңгіме», - деп жауап берген.

Еске салайық, бұған дейін Порша Арчер Стефано Вуковты Рыбакинаға психологиялық қысым көрсетіп, оның физикалық мүмкіндігінен тыс талап қойды деп айыптаған еді. Арчердің айтуынша, Вуков шәкіртіне:

«Ақымақсың. Мен болмасам, әлі күнге дейін Ресейде картоп теріп жүрер едің», - деген сөз айтқан.

Алайда 2024 жылдың маусым айында Вуков өзіне тағылған айыптармен келіспей, WTA шешіміне қарсы апелляция түсірді. Кейін ол сот арқылы дисквалификацияның күшін жойып, Рыбакинаның командасына қайта оралған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам