ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғашқы бестікке енді

Бүгін, 09:34

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева өз орнын сақтап қалды

Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғашқы бестікке енді
sports.yahoo.com

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Эр-Риядта өткен маусымның қорытынды турнирінен кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Жаңа тізімге сәйкес, үздік үштік өзгеріссіз қалды: көш басында Беларусь өкілі Арина Соболенко, екінші орында Польша теннисшісі Ига Швентек, ал үшінші орында америкалық Кори Гауфф орналасқан.

Ал WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте бір саты көтеріліп, алтыншы орыннан бесінші орынға жайғасты. Эр-Риядтағы жарыста ол қарсыластарының бәрін жеңіп, бес кездесуде де үздік нәтиже көрсетті. Финалда Рыбакина Соболенконы сенімді түрде жеңіп, маусымды жарқын жеңіспен аяқтады.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева өз орнын сақтап, 73-орында қалды.

Жұптық рейтингте отандасымыз Анна Данилина екі саты төмендеп, 15-орынға түсті. Путинцева бір позиция жоғалтып 106-орында, ал Жібек Құламбаева екі саты жоғары көтеріліп, 130-орынға тұрақтады.

WTA жұптық рейтингінде көшбасшылар қатарында чех теннисшісі Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орынды италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолини бөлісіп тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам