Иордания астанасы Амманда бокстан U15 және U17 жас санатындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 16 алтын медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
17 жасқа дейінгі ерлер құрамасы барлығы 5 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншілесе, қыздар құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
U17 ерлер:
I орын
- 46 келі. Жұмағали Нұрмахан
- 52 келі. Темірали Темірбаев
- 54 келі. Досжан Жұмахан
- 75 келі. Санжар Матасов
- 80 келі. Мұхамедали Рүстембек
II орын
III орын
- 48 келі. Рүстем Сапархан
- 60 келі. Анвар Идрисов
- 66 келі. Даниял Шалқарбай
U17 қыздар:
I орын
- 52 келі. Марал Толепберген
- 63 келі. Аяулым Оспанова
- 66 келі. Диляра Тұрсынбек
- 70 келі. Камила Оспанова
- 75 келі. Диана Надырбек
II орын
- 80 келі. Фариза Тажибаева
III орын
- 46 келі. Шұғыла Жарас
- 48 келі. Лашын Даулетжан
- 54 келі. Балым Ғабитқызы
- 57 келі. Индира Қыдырмолдаева
- 60 келі. Айдана Әбдікерім
- +80 келі. Елнура Қоңырат
U15 санатындағы ерлер құрамасы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Қыздар құрамасы 2 алтын 8 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізген.
U15 ерлер:
I орын
- 33 келі. Дамир Джаншиликов
- 49 келі. Шыңғыс Ахметов
- 55 кг Нұрбақыт Төрегелді
- +70 келі. Нұрислам Ташмағанбетов
II орын
- 37 келі. Жақып Біржан
- 40 келі. Қуаныш Халимбет
- 58 келі. Жандос Қалқанов
- 67 келі. Нұрасыл Хасан
- 70 келі. Темірлан Казыев
III орын
U15 қыздар:
I орын
- 64 келі. Ақерке Далабай
- 70 келі. Жансая Ержан
II орын
- 33 келі. Айару Оңғарбек
- 35 келі. Әнел Ордабек
- 40 келі. Томирис Сатыбалды
- 46 келі. Медина Абылқасым
- 55 келі. Мадина Сапар
- 61 келі. Айлин Ходжамбердиева
- 67 келі. Зиада Сүйеналы
- +70 келі. Перизат Мәлік
III орын
- 37 келі. Дана Оразбекқызы
- 52 келі. Айару Файзуллаева
- 58 келі. Ясмин Джаутханова
Айта кетейік, командалық есепте Өзбекстан құрамасы 15 алтын медальмен екінші орын иеленсе, тағы 15 алтынмен Үндістан (күміс медальдар саны аз) үшінші орынға табан тіреді.
Ал, жарыстың үздік боксшысы атағы қазақстандық Досжан Жұмаханға (54 кг) берілді.