ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Ламин Ямаль 22 жасқа дейінгілер арасында әлемнің үздік футболшысы атанды

04.04.2025, 15:50

Ол сондай-ақ, әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі екенін де айта керек

Ламин Ямаль 22 жасқа дейінгілер арасында әлемнің үздік футболшысы атанды
Getty Images

«Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль 22 жасқа дейінгі ең үздік футболшылар рейтингінде көш бастады. Айта кетерлігі, бұл тізімге енгендердің басым бөлігінің жасы Ламиннен үлкен. 

ESPN жас футболшылардың үздік тізімін жасағанда негізгі критерийлер ретінде оның жоғары деңгейде өнер көрсетуін, соңғы жылдардағы тұрақты ойын өрнегі және даму әлеуетін басты назарға алған.

Сондай-ақ, рейтингті құру барысында жетекші еуропалық клубтардың кәсіби скауттары мен спорттық директорларының кеңестері де ескерілген.

Осылайша, рейтингте бірінші орында Ламин Ямаль тұр. Одан кейінгі сатыларға Флориан Виртц (21 жас, «Байер»), Джуд Беллингем (21, «Реал»), Пау Кубарси (18, «Барселона») және Жоау Невеш (20, ПСЖ) жайғасқан. 

Ламин Ямаль әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі екенін де айта кеткен жөн.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам