
Олимпиада жүлдегерінің байлығы 93 миллион долларға жеткен
1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Серік Қонақбаев Forbes Kazakhstan-ның жаңартылған рейтингіне еніп, елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 73-орын иеленді. Басылым оның байлығын 93 миллион доллар деп бағалап отыр.
Forbes деректері бойынша, Қонақбаев «SSM Oil» ЖШС-нің акционері және «K-Global Invest» ЖШС арқылы аталған компанияның 60% үлесіне иелік етеді. Компанияның негізгі қызметі — Қызылорда облысында көмірсутектерді барлау және өндіру. Әзірге барлық жоба сынақ пайдалану кезеңінде.
Сонымен қатар, Қонақбаевтың «ARK Petroleum» ЖШС-де де үлесі бар, бұл компания 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Шалва кен орнында пайдалы қазбаларды барлау және өндіру туралы келісімшарт жасаған.