Қазақстандық фитнес-тренердің сұлулығына ресейлік БАҚ тамсанды (ФОТО)

Редактор
14.12.2023, 16:19

Ол екі бірдей спорт түрінен спорт шебері атанған

Instagram

Өскемендік Анастасия Макашева ресейлік sports.ru сайтының назарына ілінді. Миллиондаған аудиториясы бар БАҚ қазақстандық фитнес-тренердің сұлулығына тамсанып, мақала әзірлеген.

Анастасия 4 жастан бастап көркем гимнастикамен айналысқан. 14 жасына дейін ол ел чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда да топ жарып үлгеріпті. Алайда, 14 жасқа толысымен әкесі оны гимнастикадан шығарып алып, биатлон үйірмесіне апарыпты.

«Әкем гимнастиканың болашағы бар дегенге сенбейтін. Менің Қазақстан құрамасының мүшесі болуым да оның көзқарасын өзгерткен жоқ. Бәрібір дұрыс жалақы төлемейді және 25 жасқа келгенде «зейнетке шығарып тастайды» деп кесіп айтты. Ол менің болашағымды биатлонмен байланыстырды», - дейді Настя Макшаева.

Оның әкесі биатлон спортының нағыз жанкүйері болған. Тіпті, жас кезінде өзі де осы спорт түрімен айналысыпты. Өзі жете алмаған биікке қызы жетеді деп жоспарлаған.

Анастасия Макашева биатлоннан да жақсы жетістіктерге жете алды. Ол республика біріншілігінде жүлделі орын алып, жастар құрамасына енген. Алайда, 21 жасында биатлонды да тастап, Алматыға көшіп кетіпті. Мұнда ол фитнес орталықта жеке инструктор болып жұмыс істейді.

Материалда: